Система Orphus

Павлодарлық полицейлер "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын шығарды

24.10.2007, 15:42 2599

Павлодар. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында палодарлық полицейлер 17 қылмыскерді қолға түсірген, олардың 4-і Ресей аумағында іздеуде жүрген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Басты міндет - кісі өлтіру, қарулы тонаушылық және т.б. ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздестіру болып табылады. Ұсталған 17 қылмыскердің үшеуі осы баптар бойынша қамауға алынды",- деп түсіндірді агенттік тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Сәбиев.

Оның айтуынша, соңғы жылдары қылмыскерлерді іздестіру Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілуде.

"Біздің облыс аумағында жедел ақпараттарды өңдеудің арқасында төрт қылмыскер ұсталды, олардың барлығы да Ресей азаматтары. Іздеу бастамасын Кемерово облысының ІІБ, Омск облысының ІІБ, Казан ІІБ және Новосибирск облысының ІІББ көтеріп отыр",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Арман Сәбиев.

Омск облысының Азов ауданының Гауфхутор аулында павлодарлық полицейлері ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып Екібастұздың 22 жасар тұрғынын ұстаған, ол 1999 жылы 14 жасында сыбайласымен бірге 11 жасар баланы қатігездікпен өлтірген. Сыбайласы 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыскер 7 жылдан астам уақыт Гауфхутор аулындағы өз анасының үйінде тығылып жүрген.

"Ұсталғанның қолында Украина азаматының жасанды құжаты болған, ол қазір Омск облысының Ішкі істер басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалған, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде",- деп мәлім етті полиция майоры.

Сонымен қатар, Омск облысының аумағынан Павлодар - Семей тасжолындағы қарулы тонау дерегіне қатысқан еркек ұсталған. Облыстың ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2002 жылы құрамында осы іздеуде жүрген адамы бар қылмыстық топ қарумен қорқытып, ресейлік кәсіпкерден 5 мың АҚШ долларын тартып алған. Павлодар облысының 28 жастағы тұрғыны Омск облысының Павлоградск ауданының Божедаровка аулында тұратын анасының үйінде паналаған.

"Ұстау кезінде іздеудегінің қолында Ресей азаматының төлқұжаты болған, сондықтан да оны ұстау мүмкін болмай келген, бірақ қазір Қазақстан бекіткен халықаралық келімдерге сәйкес оны одан әрі қылмыстық қудалау мәселесі шешілуде",- деп түсіндірді Павлодар облысының Ішкі істер департаментіінң криминалдық полиция басқармасының қызметкері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны