03.04.2014, 20:39 3303

Пекинде Қазақстан-Қытай технологиялық ынтымақтастық орталығының құрылуы талқыланды

Айта кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің төрағалығымен қазақстандық делегация Пекин қаласында жұмыс сапарымен жүр.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін "Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Салимов "Факел" индустрия және жоғары технология орталығының бас директорының орынбасары Сиу Сяо Пингпен кездесті, сондай-ақ, ҚХР Индустрия және технология өкілдерімен Қазақстан -Қытай техникалық ынтымақтастық орталығының ашылуын сөз етті.

Сондай-ақ, тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша технологиялар трансфертін дамыту мақсатында "Факел" орталығы мен "ТДҰА" АҚ арасында қарым-қатынас орнатылды.

"ТДҰА" АҚ-да хабарлағандай, "Факел" орталығының негізгі мақсаты ШОБ инновациялық және технологиялық қаржыландыру, индустриялық технологиялардың дамуына жағдай жасау. Аталмыш орталық әлемнің 20 елімен серіктесатік құрған.

Айта кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің төрағалығымен қазақстандық делегация Пекин қаласында жұмыс сапарымен жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны