21.11.2018, 12:44 6263

Петропавл шекара отряды Ресейдіӊ ақпараты бойынша Қазақстан аумағына жаяу келе жатқан шекара бұзушыны ұстады

Ақпаратты ала сала "Шығанақ" шекара заставасынан шыққан шекара наряды біздіӊ елімізге қарай жаяулатып келе жатқан ер адамды дәл қарсы алдынан күтіп алды. Аяқ киімініӊ ізі суретке түсіріліп ресейлік әріптестерге берілгеннен кейін табылған іздіӊ тура сол, ұсталған адамдікі екендігін олар да растады.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Петропавл шекара отрядыныӊ кезекші бөліміне ресейлік әріптестерден, дәлірек айтқанда Ресей Федерациясы ФҚҚ Қорған және Тюмен аумақтары бойынша шекара басқармасыныӊ оперативтік кезекшісінен телефон арқылы ақпарат келіп түсті. Көрші елдіӊ шекарашылары берген мәліметке қарағанда, олар Октябрское (РФ) елді мекенінен қазақстандық Михайловка ауылына қарай бір адам ізініӊ кеткендігін анықтаған.

Ақпаратты ала сала "Шығанақ" шекара заставасынан шыққан шекара наряды біздіӊ елімізге қарай жаяулатып келе жатқан ер адамды дәл қарсы алдынан күтіп алды. Аяқ киімініӊ ізі суретке түсіріліп ресейлік әріптестерге берілгеннен кейін табылған іздіӊ тура сол, ұсталған адамдікі екендігін олар да растады.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны