05.10.2011, 12:29 4506

Петропавлда кәмелеттік жасқа толмаған қызға зорлық жасаған екі полиция қызметкері үш жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавл қалалық сотының 2011 жылдың 31 наурызында зорлық жасау арқылы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін полицияның 2 қызметкеріне қатысты шығарған 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін аппеляциялық сот инстанциясы өзгеріссіз қалдырған.

Петропавл. 5-қазан. Kazakhstan Today - Петропавлда кәмелеттік жасқа толмаған қызға зорлық жасаған екі полиция қызметкері үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петропавл қалалық сотының 2011 жылдың 31 наурызында зорлық жасау арқылы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін полицияның 2 қызметкеріне қатысты шығарған 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін аппеляциялық сот инстанциясы өзгеріссіз қалдырған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) баспасөз қызметінен хабарлаған.

"2009 жылы сәуірдің 2-сінен 3-іне қараған түні Петропавл полициясының қызметкерлері азамат М. мен кәмелетке толмаған К.-ны ұстап, Петропавл ІІБ №6 Зональды полиция пунктіне қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар-жоқтығын тексеру үшін алып келген. (...) Қызметкерлер М.-нен қылмыс жасағанын мойындауды талап еткен. Ұсталған азамат өзінің қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда сотталушылар қызмет бабын атқара отырып, М.-ды балағаттап, ұрып-соға бастаған", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмаған бойжеткенге қатысты да тәртіп сақшылары қызмет бабын асыра пайдаланған: зорлаған, жыныстық бағыттағы қасақана әрекеттер жасап, бас бостандығынан заңсыз айырған.

"Қылмыстық тергеу органдары бұл фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылдады, прокурорлар онымен келісті. Осыған байланысты бұл қылмыстық істі сотталушылар мен олардың қорғаушыларының аппеляциялық шағымдарының шеңберінде ғана қараған алқаның сотталушылардың жағдайын нашарлатуға құқығы жоқ, жай бұл фактіні баяндайды. Бұл бұзушылықтар басқа бұзушылықтармен бірге аппеляциялық инстанция сотының прокурорға қатысты жеке қаулысында көрініс тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, соттың хабарлауынша, аппеляциялық инстанцияның сотында қазір Ақтөбе қ. №2 сотының үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азамат полиция қызметкерлері туралы жалған куәлік бергенін айтып, бастапқы айтақнадыран бас тартқан.

"Аппеляциялық инстанция соты жәбірленушінің куәлік етуіне сыни қарап, оның түзету мекемесінде жазасын өтеп жүргендіктен, құқық қорғау органдарына тәуелді екенін назарға алған. Сонымен бірге, сотталғандардың (полиция қызметкерлері - ҚазТАГ) құқық қорғау органдарының жүйесінде белгілі бір байланыстары бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Оның бірінші инстанция сотында өзіне және кәмелетке толмаған К.-ға полиция қызметкерлері зорлық жасалғаны туралы берген жауаптары шындық болып табылады, өйткені ол бұл туралы қысым көрсетуге жол бермейтін жағдайда, яғни, ашық сот отырысында, қорғаушылар мен басқа адамдардың алдында, жалған жауап бергені үшін қылмыстық жазаланатыны туралы біле тұрып берген. Сол уақытта жәбірленуші қылмыстық жазаға тартылмаған, еркін адам болған", - деп назарға алады сот алқасы.

"Аппеляциялық инстанция соты сот-тергеу тәжірибелерін де өткізді, осының нәтижесінде сотталғандардың бірі аталған кезеңде Астанада университетте емтихан тапсырғандықтан, қылмыс жасауы мүмкін емес деген сөзінің жалған екені анықталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны