04.04.2008, 17:40 3139

Петропавлда пара алғаны үшін жылжымайтын мүлік орталығының қызметкері тұтқындалды

Петропавлда пара алғаны үшін жылжымайтын мүлік орталығының қызметкері тұтқындалды

Астана. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алу кезінде Солтүстік Қазақстан облысының жылжымайтын мүлік орталығының бөлім бастығын тұтқындады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті.

"Шенеунік жылжымайтын мүліктің барлық құжаттарын жылдам рәсімдеп беру қызметіне 4 мың теңге сұраған", - деп атап көрсетті департаменттегілер.

Белгіленген ақшаны шұғыл қызметкерлер жылжымайтын мүлік орталығы маманының қалтасынан тапқан. Пара беру оқиғасы бейнетаспаға жазылып алынған. "Оқиғаның жай-жапсары анықталуда және қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілуде", - деп хабарлады арнайы қызмет өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны