14.07.2014, 20:07 2722

Петропавлға 262 жыл толды

Петропавлда қала күніне орай мерекелік концерттер, байқаулар мен түрлі көрмелер өтті. Биыл қалаға 262 жыл толып отыр.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Петропавлда қала күніне орай мерекелік концерттер, байқаулар мен түрлі көрмелер өтті. Биыл қалаға 262 жыл толып отыр.

Петропавл республиканың ең ірі мәдени және өндірістік орталығы. Оның аумағы 222 шаршы шақырымды құрайды. Халық саны шамамен 205,9 мың. Мұнда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінде облыс орталығының негізгі экономика салаларынан айтарлықтай деңгейде дамып келе жатқанын атап өтуге болады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы, инфрақұрылымы дамып, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындары ашылуда. Тұрғын үй, аурухана, мектептер мен балабақшалар салынуда", - дейді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Икімнің айтуынша, бүгінде облыстың алдында үлкен мақсат тұр. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы, автокөлік жолдарын жөндеу, абаттандыру, көгалдан.дыру, күрделі жөндеу мен қаланың тұрғын үй қорын жаңарту болып табылады.

Петропавлдың 262 жылдығын тұрғындар мен қала қонақтары "Туған күніңмен, сүйікті қалам!" сауықтық бағдарламасымен тәмамдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны