23.05.2008, 10:51 1316

Петропавловск қаласында Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлерінің құқық қорғау органдарының ықпалдастығы туралы хаттамаға қол қойылды

Петропавловск қаласында Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлерінің құқық қорғау органдарының ықпалдастығы туралы хаттамаға қол қойылды

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлерінің құқық қорғау органдарының заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы ықпалдастығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары мен олардың Тюменьдік әріптестері арасында есірткі тасымалына қарсы күрес және есірткі тасымалы арналарын анықтау және есірткі тасушыларды құрықтау саласындағы тікелей байланыс орнату тақырыбы диалогқа басты арқау болды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Александр Саванков Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары мен Федералдық есірткі айналымын бақылау қызметінің Тюмень облыстық басқармасы арасында Омск және Курган облыстары арасындағы ықпалдастық үлгісімен арнаулы мәліметтер базасын қашықтан алу мүмкіндігін тудыруды ұсынды. Бұл ұсынысты Федералдық есірткі айналымын бақылау қызметінің Тюмень облыстық басқармасының бастығы, полиция генерал-майоры Евгений Брюшко мақұлдай қабылдады.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД, кеден қызметі, прокуратура мен шекара қызметінің өкілдері Федералдық есірткі айналымын бақылау қызметінің Тюмень облыстық басқармасымен жақын ықпалдастық орнатуға ниет білдірді.

Сондай-ақ, полицияның шекаралық аудандық бөлімшелері арасындағы ықпалдастықты нығайтуға бағытталған оперативтік қызмет проблемалары талқыланды. Арнаулы шараларларды өткізуге қатысты айрықша проблемалар дәйектелді: ағымдағы жылдың басынан бері Тюменьдік және Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қаытсты екі деректің бетін ашты.

Екі жақ та "мұндай тікелей сұхбаттар етене жақын ықпалдастыққа ынталандыру болатынын, оның алғашқы нәтижелері осы жылдың тамыз айында Тюменьде өтетін келесі кездесуде қаралатынын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны