27.01.2010, 18:13 3109

Петропавловск қаласында ҰҚКД қызметкеріне пара бергені үшін Түркия азаматының үстінен үкім шығарылды

Петропавловск қаласында ҰҚКД қызметкеріне пара бергені үшін Түркия азаматының үстінен үкім шығарылды

Петропавловск. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Петропавловск қалалық сотының судьясы М. Гусеваның басқаруымен ҚР ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкеріне пара бергені үшін Түркия азаматының үстінен үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Соттың талқысы барысында анықталғанындай, өткен жылдың қыркүйек айында құрамына ҰҚКД, облыстық прокуратура, ішкі істер департаментінің қызметкерлері кірген ұтқыр топ "Заң бұзушы" атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізген. Рейд барысында Түркияның екі азаматы мен Ресей Федерациясының бір азаматы "Шетел азаматының Қазақстан Республикасына келу және елде болу ережелерінің" 2-ші бабының 9-шы бөлігін бұзғаны, "Эдельвейс Элит Север" ЖШС-інде жұмыс істеп жүргені, виза мен көші-қон карточкасында көрсетілген елге келу мақсаттары сай келмейтіндігі анықталған.

"СҚО ІІД қызметкерлері тарапынан Түркия мен Ресей Федерациясы азаматтарының үстінен әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі хаттаманы қозғау үшін материалдар жинау барысында "Эдельвейс Элит Север" ЖШС-нің директоры болып табылатын сотталушы Явуз Мехмет Емин ұтқыр топтың құрамында істейтін өзінің танысына, ҚР ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкеріне шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпау жөнінде шешім қабылдату үшін ақша ұсынған", - делінген соттың үкімінде.

Сотқа тартылған адамның ниеті туралы ҰҚКД қызметкері басшылыққа хабарлаған, бұдан кейін ол жедел іздестіру шараларын жүргізуге рұқсат алады. ҰҚКД қызметкерлері шетел азаматын 100 доллар көлемінде пара беріп жатқанда ұстады.

Қалалық сот Явуз Мехмет Еминді ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабының 2-тармағы (пара беру) бойынша айыпты деп танып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру, жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтеу жөнінде үкім шығарды. Үкімге қарсы 15 күннің ішінде шағымдануға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны