21.01.2009, 17:10 3193

Петропавловск қаласында жол полициясының инспекторына парақорлық жөніндегі айып тағылды

Петропавловск қаласында жол полициясының инспекторына парақорлық жөніндегі айып тағылды

Петропавловск. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында жол полициясының инспекторына парақорлық жөніндегі айып тағылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15 қаңтарда қала орталығындағы бір көшеде жол апаты болған. Бір жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жол апатына жол полициясының қызметкері куәгер болған.

Жол қозғалысының ережесін бұзған адамды жазаға тартудың орнына инспектор басқа жолды ұсынып, әкімшілік материал толтырмайды. Өз қызметін жол полициясының қызметкері 9 500 теңгеге бағалаған.

"Қазір жол полициясының қызметкеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағында қарастырылған қылмысты (парақорлығы) жасағаны үшін айып тағылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал зардап шеккен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны