09.11.2007, 14:24 2842

Петропавловскіде полицейлер есірткі сатушыны құрықтады

Петропавловскіде полицейлер есірткі сатушыны құрықтады

Петропавловск. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің жедел қызметкерлері есірткі сатушыны құрықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау жасау басқармасының қызметкері Айгүл Имренова хабарлады.

"Полицейлерге Салам атты бір жігіттің есірткі сататандығы туралы жедел хабар келіп түскен. Есірткі сатушы өзінің қара ісімен қала мектептерінің бірінің маңында айналысқандығы таң қалдырады",- деді Айгүл Имренова.

Оның айтуынша, жедел қызметкерлер жедел-тергеу шаралары барысында алынған мәліметтің ақиқаттығына көз жеткізген. 26 жасар күдікті өз үйінде құрықталды. Есірткі сатушының жеке заттарын тексеру барысында 7 дорбаға бөлініп салынған 4 граммға жуық героин табылған. "Бірақ бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған күдікті героинді өзінің тұтынуы үшін сақтағаны туралы түсіндіруге тырысқан. Көптен бері есірткі диспансері мен полицейлердің есебінде тұрған есірткі құмар есірткі сатқаны үшін тағайындалатын жазадан оны сақтағаны үшін тағайындалатын жазаның айтарлықтай жеңіл екендігін жақсы біледі",- деді ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау жасау басқармасының қызметкері.

Күдіктінің пәтерін тінту барысында полицейлер сондай-ақ 2 мың АҚШ долларын тапқан. Полицейлердің болжамына сүйенсек, бұл ақша "қасірет ұнтағының" кезекті көлемін сатып алуға арналған. Есірткі сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. "Дәл осылай тағы бір 48 жасар ауыл жұмысшысы ұсталды. Есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталған. Бұрын бірнеше рет сотталған есірткі құмар Красин және Пугачев көшелерінің қиылысында наркомандарға героиннің бірнеше дозасын сатқаннан кейін қолға түскен. Ол сатқан героиннің салмағы 5 граммнан асып жығылады",- деп хабарлады А. Имренова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны