04.02.2010, 13:55 2725

Петропавловскіде университеттің бұрынғы ректорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Петропавловскіде университеттің бұрынғы ректорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Петропавловск. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Петропавловскіде Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық университетінің бұрынғы ректорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин мәлім етті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясы Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық университетінің бұрынғы ректорының үстінен қылмыстық іс қозғады. Қаржы полициясының пайымдауынша, жоғары оқу орны екі жылдан бері білім беру қызметін заңсыз жүргізіп келген.

Еске сала кетейік, университеттегі дау қаңтарда бастау алған. Студенттер оқу орнының қабырғасында әділеттілік үшін наразылық шарасын өткізді.

"Лицензиясыз кәсіпкерлік қызмет жүргізу және аса ірі көлемде пайда табу үшін айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасын жүктеп алуға болады. Бірақ жазаны сот қана айнықтайды, ал әзірге тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Н. Жахин.

"Тергеу барысында белгілі болғанындай, лицензиясыз білім беру қызметін жүргізуден 2008-2009 оқу жылында тапқан пайда көлемі 51 млн 750 мың теңгені құраған", - деді баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны