25.05.2009, 16:53 2959

Петропавловскіде жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды

Петропавловскіде жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды

Петропавловск. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Петропавловск қалалық сотында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясының жеке батальонының бұрынғы қызметкері - Болат Кәрімовтың ісі қаралған ашық сот мәжілісі өтті.

Сот барысында белгілі болғанындай, 14 қаңтар күні кешке жол полициясы басқармасының кезекші пультіне Шоқан Уәлиханов атындағы көшеде жол апаты болғаны жайлы хабар келген. Жүргізуші белгіленбеген жерде көшеден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апаты болған жерге барған шұғыл топтың құрамына облыстық ІІД жол полициясының жеке батальонының қызметкері Болат Кәрімов та кірген. Алайда оқиға орнына келген инспектор хаттама толтырудың орнына, көлік жүргізушісіне 15 мың теңге төлеуді ұсынған. Жүргізушіде ондай ақша болмай шыққан. Көлік иесі ақшаны кейінірек әкеліп беруге уағдаласады. Шамаман екі сағаттан кейін қажетті ақшаны жинап алған әлгі тәртіп сақшысымен жолығып, ақшаны табыстаған.

Бұдан кейін таңбаланған 9,5 мың теңгені тәртіп сақшысының қалтасынан Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тауып алды.

Сот Болат Кәрімовты ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп тауып, мүлкін тәркілеумен 3 жылға бас бостандығынан айыру, жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтеу, 4 жылға мемлекеттік қызметте лауазым иемдену құқығынан айыру жазасын жүктеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны