28.05.2012, 17:05 2958

Полицейлер 1,5 тоннадан асатын "Гранулит" жарылғышын тапты

Ақмола облысының полицейлері 1,5 тоннадан асатын жарылғыш затты тапқан. Қауіпті олжаны құқық қорғаушылар Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы аумағындағы Қызылсор кеніші маңайында жер астына қазылған жерінен тауыпты. 28 қапқа салынған "Гранулит" жарылғыш заты қандай мақсатқа пайдаланылмақ болғаны әзірге белгісіз.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Полицейлер 1,5 тоннадан асатын "Гранулит" жарылғышын тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының полицейлері 1,5 тоннадан асатын жарылғыш затты тапқан. Қауіпті олжаны құқық қорғаушылар Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы аумағындағы Қызылсор кеніші маңайында жер астына қазылған жерінен тауыпты. 28 қапқа салынған "Гранулит" жарылғыш заты қандай мақсатқа пайдаланылмақ болғаны әзірге белгісіз.

"Гранулит" полицейлердің айтуынша, кеніште кен орнын жарып, пайдалы қазба іздеу кезінде пайдаланылатын жарылғыш зат. Салмағы 50 келілік қаптарға бөлініп салынған жарылғыш заттар жер астында арнайы дайындалған орынға жасырылған. Полицейлер бүгінде осы іске қатысы бар деген күдіктілерді іздестіріп жатыр. Себебі, кеніште бірнеше жер тесіліп жаруға дайындап қойылған. Қазір елімізде "Найзағай" операциясы жүріп жатыр. Ақмола облысында табылған жарылғыш заттар, сол жедел іздестірудің нәтижесі,-дейді Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары.

"Іздестіру шаралары барысында біз Степногорск қаласының 24 жасар тұрғынын ұстадық. Күдіктінің үйінен 200 келі гранулитпен, детонатордың бір капсуласы тәркіленді. Кейін жер астында арнайы жасырылған 1 тонна 400 келі жарылғыш зат таптық. Оны арнайы сараптамаға жібердік. Қазір бұл заттардың кімге тиесілі екені анықталуда",- деп мәлім етті ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны