16.08.2007, 18:26 2687

Полицейлер Қазақстанның оңтүстігінде айналымнан 3 кг астам героин тәркіледі

Полицейлер Шымкентте үш килограмнан астам героин тәркіледі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Полицейлер Шымкентте үш килограмнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Қызылорда облысындағы әріптестерімен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынынан үш килограмнан астам героин тәркілеген, олар оны сатпақ болған",- деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, ұсталғандардың бірі, 40 жастағы Мұса Шапанов есірткі тұтынушы және таратушы ретінде ұзақ уақыт есепте тұрған. Екіншісі, Төле би ауданының тұрғыны, 28 жастағы Шамил Лабазанов та есірткі сатушы ретінде полицияның есебінде тұрған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 7 айында Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 352 дерек анықталған. Оның ішінде 112 сату дерегі, 12 кантрабанда дерегі, 183 есірткі заттарын сақтау дерегі, екі жынойнақ ұстау және 40 есірткі егу дерегі.

2006 жылы осы кезеңде облыс аумағында есірткіге қатысты 370 қылмыс тіркелген, олардың 12 контрабанда дерегі, 203 есірткі сақтау дерегі және 46 есірткілік өсімдіктерді егу дерегі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны