29.03.2013, 13:35 3294

Полицейлер қылмысты ойдан шығарады

"Егер бір жағдайда полиция қызметкерлері қылмысты жасырып қалған болса, екінші бір жағдайда керісінше, олар қылмысты ойдан шығарады. Бұлар мүлдем болмаған қылмыстар, жалған қосымша эпизодтар мен жеке айыптауларға қатысты істі заңсыз өндіріске алуларды құрап отыр", - дейді Н.Исаев.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Полицейлер қылмысты ойдан шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті.

"Егер бір жағдайда полиция қызметкерлері қылмысты жасырып қалған болса, екінші бір жағдайда керісінше, олар қылмысты ойдан шығарады. Бұлар мүлдем болмаған қылмыстар, жалған қосымша эпизодтар мен жеке айыптауларға қатысты істі заңсыз өндіріске алуларды құрап отыр", - дейді Н.Исаев.

Оның айтуынша, тек бір ғана Алматы қалалық прокуратурасының өзі о дүниелік болып кеткендерге, шетелдерде жүргендерге қатысты орын алмаған қылмыстарды есепке алудың 50-ден астам фактісін анықтаған.

"Былтырғы жылы Иуезов ауданының жедел уәкілі тараптардың мәмілеге келуіне орай ұрлыққа қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан, ал соған қатысы бар делінген азамат ондай қылмысты жасаудан төрт ай бұрын қайтыс болып кеткен екен. Мұндай мысалдар да жеткілікті", - дейді Н. Исаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны