06.12.2007, 18:24 3360

Полицейлер "Рубеж-Ростов" постында такси жолаушысынан ірі көлемде героин тәркіледі

Полицейлер "Рубеж-Ростов" постында такси жолаушысынан ірі көлемде героин тәркіледі

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы - Бішкек тас жолының 59-шы шақырымында орналасқан "Рубеж-Ростов" постында такси жолаушысынан өте ірі көлемде героин тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 5-желтоқсанда "ГАЗель" бағытты таксиді тексеру барысында такси жолаушысының бірінен 1 кг 187 грамм героин табылып, тәркіленген. Жедел-іздестіру шаралары есірткі тасымалдау арналарын анықтау және жою жөніндегі жұмыстар аясында жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта, комитеттің хабарлауынша, наркотрафикке қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларды құрықтауға қатысты жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны