27.05.2011, 13:16 3499

Полиция Астанада болған жарылыс кезінде мерт болғандардың бірінің кім екендігін анықтады

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Біріншісі ол такси жүргізушісі болған, ол анықталған болатын. Ал мынау Екібастұздың Кельплер деген тұрғыны", - деп мәлімдеді Сүлейменов жұма күні журналистерге.

Астана. 27 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Астанада болған жарылыс кезінде мерт болғандардың бірінің кім екендігін анықтады. Бұл туралы ІІД криминалдық полиция комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Біріншісі ол такси жүргізушісі болған, ол анықталған болатын. Ал мынау Екібастұздың Кельплер деген тұрғыны", - деп мәлімдеді Сүлейменов жұма күні журналистерге.

Естеріңізге сала кетсек, 24 мамыр күні Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің уақытша тергеу изоляторы ғимаратының маңында автокөлік өртеніп, жарылған болатын. Жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарының айтуынша, жарылыс ҰҚК ТИ ғимаратының маңында сағат 4.00 шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жарылған. Жарылыс салдарынан екі адам мерт болған. Жарылған көліктің ұшқындары мен құрбан болған адамдардың денесі жарылыс болған жерден 50 метр қашыққа шашырап кеткен. Жақын маңдағы үйлердің терезелері сынып, жарылыс маңында тұрған көліктер бүлінген. Маңайындағы үйлердің тұрғындары зардап шекпеген болатын.

"Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз әлі анықтап жатырмыз. Қазіргі күнге дейін екіншісінің кім екендігі анықталған жоқ. Жалпы тергеу-іздестру шаралары кешенді түрде жүргізіліп жатыр", - деді Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны