03.11.2011, 11:16 4424

Полиция Атыраудағы лаңкестікке қатысы бер деген екі күдіктіге іздеу жариялады

Cуреттері бар іздеу қағаздары 28 жастағы Илімжан Сағенов пен 25 жастағы Мейрамбек Усабековке қатысты таратылған. Оны тек атыраулық полицейлер ғана емес, көрші облыстардағы әріптестер де алды. Күдіктілерді іздеу барлық көлік жолдарында жүргізілуде, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда, әуежайларда күшейтілген нарядтар қойылды.

Атырау. 3-қараша. Kazakhstan Today - Полиция Атыраудағы лаңкестікке қатысы бер деген екі күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, суреттері бар іздеу қағаздары 28 жастағы Илімжан Сағенов пен 25 жастағы Мейрамбек Усабековке қатысты таратылған. Оны тек атыраулық полицейлер ғана емес, көрші облыстардағы әріптестер де алды. Күдіктілерді іздеу барлық көлік жолдарында жүргізілуде, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда, әуежайларда күшейтілген нарядтар қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, 31 қазан күні Атырауда екі жарылыс болды. Бірінші жарылғыш құрылғы облыстық әкімдік ауласындағы қоқыс жәшігінде, екіншісі "Сарыарқа" тұрғын үй алабында іске қосылып, лаңкес қаза тапқан болатын.

Жарылыс фактілері бойынша облыстық прокуратура "Лаңкестік" бабымен екі қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны