13.12.2006, 15:45 2973

Полиция Павлодар қаласының тұрғынынан оқ-дәрілер тәркіледі

ПАВЛОДАР. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодарда заңсыз оқ-дәрілер сақтаған тұрғын ұсталды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті дүйсенбі күні "Құқық және тәртіп" операциясы барысында құрықталды. Қылмыстық полиция қызметкерлері оның пәтерінен бесатар, Ф-1 гранатасын және 7,62 және 5,6 мм-лік 252 оқ тапты.

Жүргізілген балластикалық сараптаманың нәтижесі бойынша барлық тәркіленген қарулар қолданысқа жарымды деп танылды. Искери қарудың иесі, 48 жастағы қала тұрғыны бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тергеу барысында ол қару-жарақты өзін қорғау мақсатында алғанын айтты.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Павлодар облысы полициясының баспасөз қызметінің жетекшісі Нина Цысьтың ақпаратына сүйенсек, қамауға алынған адам нашақор және бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Одан тәркіленген қару-жарақтар ресми түрде ешқайда тіркелмеген. Қазір мамандар тәркіленген қару-жарақтардың бұрын-соңды жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны