28.01.2008, 17:13 2877

Полицияның аймақтық бөлімшелеріне қару-жарақ тапсыру туралы 122 өтініш түскен

Полицияның аймақтық бөлімшелеріне қару-жарақ тапсыру туралы 122 өтініш түскен

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері полицияның аймақтық бөлімшелеріне азаматтардан қару-жарақ тапсыру туралы 122 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, берілген өтініштердің барлығы комиссияның қарауында жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында халықтан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алуды қарастыратын заң күшіне енген болатын.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет қару -жарақты өз еркімен өткізуге 10-нан 100 айлық есеп көрсеткішін төлеуді қарастырады. Атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аймақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылуда. Тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 1-ақпанында Астана уақытымен 11.00-ден 12.00 аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің сайтында тұтынушылардың атыс қаруларын өз еркімен тапсыру және зақымдау қаруын тіркеуге қатысты сұрақтарына Икімшілік полиция комитетінің төрағасы Оразалиев Молдияр Молыбевич жауап береді. Сұрақтарды ІІМ сайтының "Конференция" бөлімінің "Лицензиялық-рұқсат беру жұмыстары" айдарына жолдау қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны