08.07.2014, 21:03 3209

Пошта байланысы саласындағы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне сәйкестендіруге бағытталған Заңға қол қойылды

Пошта байланысы саласындағы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне сәйкестендіруге бағытталған Заңға қол қойылды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Елбасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң пошта байланысы саласындағы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне сәйкестендіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны