24.06.2015, 15:17 3429

Прагада Қазақстан мен ЕО арасындағы виза режиміне қатысты мәселе талқыланды

Прагада құрамында ішкі істер және сыртқы істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Шекара қызметініӊ өкілдері бар қазақстандық делегация чехиялық әріптестерімен бірге Қазақстан мен еуропалық Одақа арсындағы визалық режимді жеӊілдету мәселесін талқылау мақсатында кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Прагада құрамында ішкі істер және сыртқы істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Шекара қызметініӊ өкілдері бар қазақстандық делегация чехиялық әріптестерімен бірге Қазақстан мен еуропалық Одақа арсындағы визалық режимді жеӊілдету мәселесін талқылау мақсатында кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында чех тарапы Қазақстанныӊ көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында құзырлы орган өкілдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді. Ұлттық заӊнаманы ЕО талаптарына сәйкестендіру мақсатында дайындалған ҚР мен ЕО арасындағы виза режимін жеӊілдету бағытындағы іс-шаралар жоспары туралы ақпараттар жария етілді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан тарапыныӊ мәлімдеуінше, қазіргі таӊда Үкіметтіӊ жоспарды арнайы шешімімен бекіту мәселесі күтілуде.

Чезия елі экономикасы дамыған, саяси жағынан тұрақты 48 мемлекеттіӊ бірі болып табылады. Аталған елдіӊ азаматтарына 2004 жылы біржақты тәртіпте визалық режим жеӊілдетілген болатын. Чех тарапы Қазақстанныӊ ЕО-тыӊ соӊғы стандарттарымен сәйкестендіре отырып, көші-қон заӊнамаларын жетілдіруге бағытталған ұмтылысын жоғары бағалап, екі ел арасындағы визалық режимді жеӊілдету жөніндегі бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.

Кездесу соӊында тараптар көші қон және визаны жеӊілдету бағытындағы консультативті-құқықтық мәселелер бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жалғастыра беру жөнінде келісімге келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны