29.10.2007, 19:13 3162

Премьер Алматы және Алматы облыстарындағы табиғатты қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыстарды бұзып, жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды (толықтырылған)

Премьер Алматы және Алматы облыстарындағы табиғатты қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыстарды бұзып, жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды (толықтырылған)

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер Алматы және Алматы облыстарындағы табиғат қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыстарды бұзып, жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Заңсыз салынған құрылыстарды бұзу және жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдансын",- деп мәлім етті ол бүгін Алматыдағы құрылыс салу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын қорытындылай келе.

"Бекінбай мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су қорғанысы аймағы мен ерекше қорғалатын табиғат аймақтарынан жер телімдерін бөлу және құрылыс салуға рұқсат беру туралы бұрын қабылданған заңсыз шешімдерді барлығы заңсыз деп танылсын",- деп қосты Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер Алматы әкіміне Шымбұлақтағы нысан иелерімен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

"Сізге, Иманғали Нұрғалиұлы, Шымбұлаққа қатысты барлық нысан иелерімен мемлекет меншігін (нысандарды - агенттік ескертпесі) өз еріктерімен Медеуге қайтару туралы келіссөздер жүргізуді тапсырамын. Изірге осындай достық келіссөздер жүргізіледі. Одан кейін мұны түсінбегендермен басқаша келіссөздер жүргіземіз",- деп түйіндеді Кәрім Мәсімов.

Қазақстан Республикасының бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев өз кезегінде, комиссия отырысында прокуратура жер телімдерін тәркілеуге әралуан көзқарас ұстануды ұсынатындығын мәлім етті.

"Су қорғау аймақтары мен ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы жер учаскелерін беруде және ол жерлерге құрылыс салудағы заң бұзушылық фактілерін шартты түрде үшке бөлуге болады",- деді ол.

Атап айтқанда, оның айтуынша, бірінші топқа табиғат парктері мен су қорғау аймақтарындағы жерден жер телімдерін заңсыз беру деректері жатады. Сондай-ақ, Бас прокуратураның пайымдауынша, "жер телімдерін алуда және оған коттеждер салу барысында оның иелері мемлекеттік табиғат саябақтары мен су қорғау аймақтарында жеке меншік құрылыс салу заңға қайшы екендіктерін білуге тиіс болатын". "Олар мұны біле тұра, өздерін жауапқа тарту екіталай, деген оймен заң бұзушылықа барған",- деп қосты А. Дауылбаев.

"Бұл жағдайда әкімдердің заңсыз актілерінің күшін жойып, азаматтық-құқықтық келіміс шарттарды күшсіз деп тану қажет, сондай-ақ осы заңсыз шешімдерді қабылдаған мемлекеттік шенеуніктерді жауапқа тарту туралы мәселені шешу керек. Сонымен қатар, меншік иелерінің шығындарын төлеу туралы мәселе әрбір жағдайда жол берілген заң бұзушылықтарды ескере отырып шешілуге тиіс",- деп мәлім етті А. Дауылбаев.

Екінші топқа, оның айтуынша, "табиғат саябақтарының аумағына қосуға дейін жеке меншікке заңды түрде берілген жер телімдері" жатады. Бас прокуратураның пайымдауынша, бұл жағдайда "меншік иесінен жер телімі мен салған құрылысын сатып алу туралы мәселе шешілуі қажет".

"Үшінші топ - жерді өз еркімен басып алу және құрылысты рұқсат беретін құжатсыз салу. Бұл жағдайда заң бұзған жерді пайдаланушыны заңға сәйкес жауапқа тарту және заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы мәселе шешімін табуға тиіс. әрине, бұл жерде ешқандай өтемақы туралы сөз болмайды",- деп қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны