18.04.2011, 14:16 4101

Премьер әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін әзірлеуді тапсырды

Премьер әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - сәуір. Kazakhstan Today - Премьер әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігіне екі аптаның ішінде әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін даярлауды тапсырған. Мұндай тапсырманы бүгін К. Мәсімов Үкімет отырысында жүктеді.

"Біз тоқсан сайын бұл көрсеткіштердің жетістіктерін бақылайтын боламыз. Сондықтан екі аптаның ішінде Үкімет отырысында осы мәселелер бойынша аталған министрліктің басшысы Қайрат Келімбетов салалық әр министрліктер мен ведомстволар бойынша және өңірлік әр облыстар бойынша баяндайтын болады",-деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 5 жылда табысы жоғары топтағы елдердің құрамына кіру мақсатын қойған болатын. Ол үшін жыл сайынғы экономикалық өсім 7 пайыз деңгейінен кем болмауы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны