26.02.2008, 12:57 2584

Премьер Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің жобасын қаржыландыруға қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің құрылысының жобасын қаржыландыру мен дәліз учаскесін жаңалауға қаржы бөлуге қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды. Бүгін өткен үкіметтің отырысында ол осындай шешімін жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің құрылысының жобасын қаржыландыру мен дәліз учаскесін жаңалауға қаржы бөлуге қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды. Бүгін өткен үкіметтің отырысында ол осындай шешімін жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Көлік және коммуникация министрлігіне еліміздің экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, жобаны қаржыландыруға қатысты түпкілікті шешім қабылдауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл орайда мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігін қай тұста пайдаланамыз, ал қай тұста несие аламыз деген тұрғыда айқындық болуы керек. Осыған байланысты сіздерге екі ай мерзім беремін, содан кейін осы мәселені қарайтын боламыз", -деді ол.

Бұған қоса премьер-министр Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің жобасын қаржыландыруға ниет білдірген халықаралық қаржылық институттармен барлық келісімдердің жобаларын ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына дейін үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырды.

"Мен сонымен қатар аталған дәлізге қамтылатын Ташкент - Шымкент жол бөлігін қосымша қаржыландыру мәселесін республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырамын", -деді үкімет басшысы.

"Оны қосымша қаржыландыру мүмкіндігі биыл да пайда болуы ықтимал", - деді ол.

Бұған қоса Кәрім Мәсімов жаңа Салық және Бюджеттік кодекстердің жобасын жасаушыларға "аталған жолдардың бойынша орналасқан Жанармай тарату станцияларына салық салу бойынша Илемдік банк ұсынған халықаралық тәжірибені зерттеуді" тапсырды. "Жанармай тарату станцияларының салық салынатын базасы артынан олар орналасқан жолдарды ұстауға жұмсалатын әлемдік тәжірибе бар, ол да жаман емес", -деді ол.

"Бұнымен біруақытта көлік және коммуникациялар министрлігі еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік автокөліктердің алып өтетін жанармайының мөлшері туралы біздің келісімдерімізді зерттеуі қажет", - деді үкімет басшысы. Илемдік тәжірибеде басқа елдің аумағы арқылы алып өтетін жанар-жағармайдың көлеміне қатысты шектерлер бар екенін ол еске салды. "Бұл жерде транзиттік ел аумағы арқылы белгілі бір мөлшерде жанармай алып жүруге құқылы болу, ал қалған бөлігін аумағы арқылы өтетін елдің Жанармай тарату станциясынан сатып алуға тиіс екендігі жайлы сөз болып отыр", -деп нақтылады Кәрім Мәсімов.

"Аталған дәліздің еліміз үшін маңызы айқын көрінетіндей етіп бәрін сабақтастыру керек. Біз қазір жаңа Салық және Бюджеттік кодекстердің жобасын жасап жатумен қатар, еліміздің аумағы арқылы өтетін осынау транзиттік дәлізді сала бастадық, бұл - бірегей сәт. Сол себепті бұл мәселелерді кешенді түрде шешу қажет", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны