18.04.2011, 17:17 4232

Премьер Білім министрлігіне кәсіби-техникалық колледждерді құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды

Бүгін үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Білім министрлігіне кәсіби-техникалық колледждерді құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Білім министрлігіне кәсіби-техникалық колледждерді құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елбасы Астанада, Ақтөбе, Шымкентте, Алматыда әлемдік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждерді құруды тапсырды. Білім және ғылым министрлігі әкімдермен бірлесе 1 айлық мерзімде тиісті ұсыныстар енгізеді",-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы "Болашақ" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Білім және ғылым министрлігі 1 айдың ішінде осы тұрғыда тиісті ұсыныстарды Үкіметтің қарауына енгізетінін айтып өтті. "Атап айтқанда, бұл тұрғыда кадрларға деген қажеттілік, кадрлық резервті қалыптастыру, түлектерді еңбекпен қамту мәселелері қамтылуы тиіс",-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет отырысында бір апталық мерзімде зияткерлік мектептер жұмысының тәжірибесін тарату бойынша ұсыныстарды зерделеу жүктелді.

Фото: ИТАР-ТАСС

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны