10.01.2008, 17:17 3221

Премьер Қарағанды облысы басшылығының жұмысын жоғары бағалады

Премьер Қарағанды облысы басшылығының жұмысын жоғары бағалады

Қарағанды. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде облыс басшылығының жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы ол Абай қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына барған кезде мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

К. Мәсімов атап өткеніндей, "мен облыс әкімі тарапынан шешілген мәселелер бойынша қанағаттанып отырмын".

"Өткен жылдағыдай мен облыстар бойынша жұмыс сапарымды Қарағанды аймағынан бастадым. Бүгін құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы және "30 корпоративтік жетекші" бағдарламасының нысандарын аралап, қанағаттандым. Мемлекет басшысымен құрылысты дамыту бағдарламасы бойынша қойылған міндеттер ойдағыдай іске асырылып жатыр. Көріп отырғанымыздай, бағдарлама жоспарланған тізім мерзімінен алда келе жатыр", - деді премьер-министр.

"Менің пікірімше, үкімет деңгейінде, біз кейбір мәселелерді қайта қарастырып, бірқатар міндеттерді Қарағанды облысына жүктейтін боламыз. Өйткені, мұнда нысандар тез салынып, бюджеттік ақша орынды жұмсалып отыр. Бұл бір. Екіншіден- біз тұрған мектеп, "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында республика бойынша салынған бірінші оқу ордасы", - деп атап өтті үкімет басшысы.

"Республика деңгейінде қабылданған шешімдер, Қарағанды облысында ойдағыдай атқарылуда, оған азық-түлік қауіпсіздік бағдарламасы және қуат көздерімен қамтамасыз ету сияқты мәселелер де кіреді", - деп қорытындылады премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны