22.01.2008, 16:01 1706

Премьер қуат үнемдеу технологиясына инвестиция тарту үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу мүмікіндігін зерделеуді тапсырды

Премьер қуат үнемдеу технологиясына инвестиция тарту үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу мүмікіндігін зерделеуді тапсырды

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер қуат үнемдеу технологиясына инвестиция тарту үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу мүмікіндігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз салық салу мәселелерін өзгертпей, Салық кодексіне өзгертулер енгізбей бұл мәселеде инвестиция тарта алмаймыз",- деп мәлім етті Кәрім Мәсімов бүгін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің алқа мәжілісінде.

"Мүмкін, салық саясаты, кеден және тариф саясаты мәселелері есебінен тартуды қарастыру керек шығар",- деп қосты премьер-министр.

Кәрім Мәсімов сондай-ақ, қуатты үнемдеу мәселесін және қуатты үнемдеу технологиясын дамыту мәселесін шешу үшін Қазақстан жүріп келе жатқан "жолымен жүріп өткен Шығыс Еуропа елдерінің озық тәжірибелерін пайдалану" деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны