08.06.2007, 14:57 2897

Премьер -министр Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Марат Сұлтанов бастаған парламенттік делегациямен кездесті

АСТАНА. 8-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Марат Сұлтанов бастаған парламенттік делегациямен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымының үдемелі өсуін атап өтті. 2006 жылы бұл көрсеткіш 406,6 млн. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде М. Сұлтанов "Қазақстан бүгінде - Қырғызстанның ең сенімді серіктестерінің бірі" деп атап өте келе, "екі елдің сауда-экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүделілік" танытты.

Сондай-ақ, кездесу кезінде су-энергетикалық кешенін жетілдіру, жұмыс күштерін тиімді пайдалану, шегаралас аймақтардың ынтымақтастығын нығайтатын Халықаралық орталық құру, көлік саласын дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Кездесуді қорытындылыған Қазақстан үкіметінің басшысы "бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда-экономикалық серіктестік пен гуманитарлық саладағы әріптестікті дамытудың мүмкіндіктері зор",-деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны