17.09.2007, 11:56 1504

Премьер -министр өңір басшыларына тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы бюджет қаржысын дер кезінде игеруге шара қолдануды тапсырды

Премьер -министр өңір басшыларына тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы бюджет қаржысын дер кезінде игеруге шара қолдануды тапсырды.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Премьер -министр Кәрім Мәсімов өңір басшыларына тұрғын үй құрылысы жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясындағы бюджет қаржысын дер кезінде игеруге шара қолдануды тапсырды.

"Тұрғын үй шаруашылығының қазіргі даму ахуалы мен қаржы нарығындағы қазіргі жағдайда мемлекет пен ол бөлетін қаржының ролі мен маңызы айтарлықтай арта түседі... Облыс әкімдеріне бөлінетін қаржының пайдаланылмай қалуына және мемлекеттік бағдарлама бойынша алға қойылған мақсаттардың орындалмай қалуына жол беруге болмайды", - деді К. Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте сөйлеген сөзінде.

Осыған байланысты ол облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тұрғын үй құрылысы жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы қаржыны дер кезінде игеруге шара қолдануды тапсырды. Талап аса қатаң болмақ",- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге, "2008-2010-жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Кәрім Мәсімов өңір әкімдеріне ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін 2008-2010-жылдарға арналған аймақтық тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарламаның жобасын жасап бекітуді тапсырып, осы орайда "үкіметтің ертең өтетін отырысында қабылданатын шешімді ескеруді тапсырды".

Үкімет басшысының айтуынша, үкіметтің ертеңгі отырысы еліміздегі тұрғын үй құрылысы мәселесіне арналатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны