25.12.2012, 16:21 2939

Премьер-министр ағымдағы жылғы ел дамуының оң динамикасын атап көрсетті

"Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 5% деңгейінде,тұтынушылық баға индексі 6,5% шегінде күтілсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 % астамды құрайды деп күтілуде", - деп хабарлады С.Ахметов.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Үкіметтің ағымдағы жылғы қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырысты өз сөзімен ашқан Үкімет басшысы, ел дамуының оң динамикасын атап өтті.

"Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 5% деңгейінде,тұтынушылық баға индексі 6,5% шегінде күтілсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 % астамды құрайды деп күтілуде", - деп хабарлады С.Ахметов.

"Бүгінгі таңда атқарушы органдардың барлық күш-жігері еліміздің 2050 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын іске асыруға бағытталып отыр. Елбасы Стратегияны іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды бекітті. Мемлекеттік органдар мен өңір әкімдерінің ендігі міндеті осы жоспардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету", - деп тоқталды С.Ахметов.

Үкімет басшысы өзінің орынбасарларына 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны жүзеге асыру тұрғысындағы Жалпыұлттық жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

"Қазіргі уақытта Үкіметтің, атқарушы органдардың барша жұмысы 2050 жылға дейінгі еліміздің дамуының жаңа Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталады. Осы құжатты жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды бекіту тұрғысында Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды. Осы орайда мемлекеттік органдардың, өңір әкімдерінің мақсаты оны міндетті түрде орындауға негізделеді",-деді ол.

"Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасарларына өздерінің бағыттары бойынша қатаң бақылау жасап, Жалпыұлттық жоспардың орындалу мониторингін ұйымдастыруды тапсырамын",-деді С. Ахметов.

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Суға тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын таныстырды.

Бұл құжаттың мақсаты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жаңарту, жөндеу, сондай-ақ осы салаға салынатын инвестициялардың көлемін ұлғайту болып табылады.

"Кешенді жоспарды іске асыру су арналарының шекті тарифтерге ауысуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде оларға инвестиция көлемін арттыруға, желілерді жаңартып, жөндеуге, негізгі құралдардың ескіру көрсеткішін төмендетуге, сондай-ақ тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп мәлім етті Е.Досаев.

Қабылданған шаралар су арналарының тарифтеріндегі кірісті 30% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сумен жабдықтау және су бұру саласына қосымша инвестициялар көзін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Министрдің сөзін түйіндеген С.Ахметов, "тарифтерді саралау жөніндегі дұрыс тетіктер қалыптастыру" қажеттілігіне назар аударды.

"Бұл кешенді жоспар су арналары қызметіндегі маңызды аспектілерді шешуге жол ашады. Сала қызметкерлерінің жалақысын өңірлердің ортага еңбекақысы дейгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді. Инвестициялық бағдарламалардың арқасында су арналары мен су бұру желілеріне ауқымды жөндеу және жаңарту жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Ең бастысы, су арналары шығынсыз жұмыс істеулері керек. Егер су арналары шығынсыз және кіріспен жұмыс істейтін болса, біз судың нормадан тыс шығындарын азайта аламыз. Судың да сұрауы бар, су арналары ауқымды жаңарту жұмыстарын жүргізулері үшін жоғары тиімді тарифге қол жеткіземіз", - деп атап көрсетті Үкімет басшысы өз сөзінде.

Премьер-Министр сондай-ақ, аталған бағдарламаны жүзеге асыру кезінде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері әлеуметтік аз қамтылған халықтың бөлігіне қолдау көрсетуді қарастыруы қажеттігін ескертті.

Талқылаудың қортындысы бойынша Үкімет мүшелері Суға тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті.

Иділет министрі Берік Имашев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылғы жоспарының орындалу барысы туралы баян етті.

Министрдің хабарлауынша, жоспар бойынша биыл 34 заң жобасын әзірлеу жоспарланған.

"Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Парламент Мәжілісіне 27 заң жобасы енгізілді, оның бесеуіне бүгінгі таңда Елбасы қол қойды. Жылдың соңына дейін тағы 7 заң жобасын енгізу керек. Сонда жоспар 100% құрайды", - деді Берік Имашев.

Оған қоса, ағымдағы жылы мемлекеттік органдар Елбасының тапсырмаларын, Жолдау жүктеген міндеттерді, Президент Икімшілігі басшылығының, Үкіметтің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жоспардан тыс 14 заң жобасын әзірлеп отыр.

Премьер-Министр Иділет министрлігіне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының сапалы және уақтылы орындалуын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң әзірлеу жұмыстарын үйлестіруді күшейтуді қамтамасыз етуді міндеттеді.

Отырысты қорытындылаған Премьер-Министр, жаңажылдық мереке күндері халықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы ел халқын жылумен, газбен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесінің айырықша бақылауда болуын атап өтті.

Және орынбасары Қ.Көшербаевқа әкімдермен бірлесіп сумен, жылумен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша қиындықтары бар елді мекендердің картасын әзірлеуді тапсырды.

"Ир өңірде назар аударуды қажет ететін 3-4 елді мекен бар. Және оларды әкімдер жақсы біледі",-деді премьер-министр.

Осы орайда Үкімет басшысы орынбасары Қырымбек Көшербаевқа осындай елді мекендердің картасын облыс әкімдерімен бірлесе даярлауды тапсырды. Бұған қоса С. Ахметов бұл мәселелер жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша шаралардың аясында орындалуы тиіс екендігін қадап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны