08.02.2013, 14:02 3337

Премьер-министр аймақтарда "Қазынашылық-клиент" жүйесін 2014 жылдың соңына дейін енгізуді тапсырды

Бүгін Қаржы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің барлық аймақтарында қазынашылықтың ақпараттық жүйесін енгізу үшін жағдай жасауды тапсырды.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Премьер-министр аймақтарда "Қазынашылық-клиент" жүйесін 2014 жылдың соңына дейін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қаржы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің барлық аймақтарында қазынашылықтың ақпараттық жүйесін енгізу үшін жағдай жасауды тапсырды.

"Мен сіздің мемлекеттік мекемелерді аудандық деңгейге дейін қосуды жеделдеткеніңізді қолдаймын, "Қазынашылық-клиент" жүйесінде қызмет көрсету ауылдық елді мекендерге дейін жетуі мүмкін. Қаржыландыру жағдайларын жасауды есепке ала отырып, мұны 2014 жылдың соңына дейін жасайтын болсаңыз, онда Үкімет сізді толығымен қолдайды",-деді Үкімет басшысы ҚР Қаржы министріне айтқан сөзінде.

Сонымен бірге, ол өзінің орынбасары Қ.Келімбетовке аталған жүйені енгізуге жағдай жасауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны