24.04.2017, 19:55 4853

Премьер-министр АҚШ-на жасаған қызмет сапары барысында Сан-Францискода Қазақстанныӊ білім беру жүйесі үшін технологиялық шешімдерді талқыға салды

Иӊгіме, еӊ алдымен, 2017 жылдыӊ ақпанында қолға алуға қабылданған Digital Kazakhstan*** (Цифрлік Қазақстан) стратегиялық бастамасы айналасында өрбіді.Бұл бастама ақпараттық технологиялардыӊ көмегімен ауылдық және қалалық мектептердегі білім беру деӊгейініӊ қашықтығын қысқартуға бағытталған, сондай-ақ цифрлік экожүйені үдемелі дамыту арқылы қазақстандық экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өзініӊ АҚШ-на жасаған қызмет сапары барысында Сан-Францискодағы Microsoft кеӊсесіне барып, Қазақстанныӊ білім беру жүйесі үшін технологиялық шешімдерді талқыға салды.

Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-министрі Б.Сағынтаев АҚШ-на жасаған қызмет сапары аясында Сан-Францискодағы Microsoft кеӊсесіне табан тіреп, компанияныӊ корпоративтік вице-президенті Д.Левинмен (DanИl Lewin) кездесті. Кездесу барысында Microsoft бас кеӊсесініӊ қызметкерлері компанияныӊ жаӊа технологияларын көрсетіп, Қазақстан Үкіметініӊ өкілдерімен елдіӊ білім беру мекемелеріне бағдарламалық шешімдерін енгізу мәселесін ортаға салды.

Иӊгіме, еӊ алдымен, 2017 жылдыӊ ақпанында қолға алуға қабылданған Digital Kazakhstan*** (Цифрлік Қазақстан) стратегиялық бастамасы айналасында өрбіді. Бұл бастама ақпараттық технологиялардыӊ көмегімен ауылдық және қалалық мектептердегі білім беру деӊгейініӊ қашықтығын қысқартуға бағытталған, сондай-ақ цифрлік экожүйені үдемелі дамыту арқылы қазақстандық экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді.

Microsoft компаниясы Қазақстан өкілдеріне елдіӊ ауылдық мектептеріне арналған ұлттық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру үшін жоғары қабілеттілігін, сарапшылық білімін және пайдаланымын (бағдарламалық, контенттік, білім берушілік) паш етті. Осылайша, мәселен, тараптар Bilim Book арнайы компьютерлік құралын бағдарламалық қамтуды жабдықтандырудыӊ мүмкіндігін қарастырып жатыр, оны ҚР шағынтолымды мектептеріне енгізу жоспарлануда.

Microsoft өз алдына жас буынмен жұмыс жасауды басымдық етіп белгілеп отыр. Қазақстанда Microsoft-тыӊ АТ-бастамалары қазірдіӊ өзінде кеӊінен танымал болуда, олардыӊ мақсаты - студенттер мен мектеп оқушыларына техникалық және кәсіби дағдыларды игертіп, дамыту. Осылайша, 2016 ж. желтоқсанында Қазақстанда YourthSpark Live жастар конференциясы болып өтті, оныӊ қатысушылары жемісті оқуға арналған құралдар мен бағдарламалаудағы заманауи беталыстар туралы білімнен сусындады. Сондай-ақ, желтоқсанда Microsoft компаниясыныӊ мұрындық болуымен Қазақстандағы "Код сағаты" республикалық науқаны аясында мектептерде информатика сабақтары ұйымдастырылып, өткізілді. "Қазақстандағы код сағаты" науқаны барысында екі жылда бағдарламалаумен 126 000 адам танысты, олардыӊ басым бөлігі - Республиканыӊ 16 облысындағы 2500 мектептердіӊ оқушылары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны