04.07.2011, 14:54 3737

Премьер-министр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері жөнінде жиналыс өткізді

"Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ИКК) мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске облыстарды, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты", - деп хабарланған премьердің Facebook бетіндегі парақшасында.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Премьер-министр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері жөнінде жиналыс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ИКК) мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске облыстарды, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты", - деп хабарланған премьердің Facebook бетіндегі парақшасында.

Кеңеске қатысушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмысы тиімділігінің өлшемдер тізбесін айқындауды ұсынды. Кеңес жұмысын қорыта келе, Премьер-Министр барлық сын-ескертпені ескеріп, оны қайтадан пысықтап, ұсыныстарды келесі айда ИКК мәселелері бойынша өтетін Үкімет мәжілісіне енгізу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны