29.10.2007, 18:33 3185

Премьер-министр Алматы мен Алматы облысының аудан әкімдерінің кейбір орынбасарларын отставкаға жіберуді тапсырды (толықтырулармен)

Премьер-министр Алматы мен Алматы облысының аудан әкімдерінің кейбір орынбасарларын отставкаға жіберуді тапсырды (толықтырулармен)

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы қаласының әкімінің орынбасарлары Яков Заяц пен Қайрат Бөкеновты, сонымен қатар Алматы облысы әкімінің орынбасары Илихан Тойбаевты, Алматы облысының Талғар аудананың әкімі Кенжебек Омарбаев пен Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қалимолда Байболовты, Алматы облысының Қарасай ауданының әкімі Болатбек Құтпановты отставкаға жіберуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласы әкімінің орынбасары Заяц осы уақыт ішінде аталмыш мәселені (жер телімдерін заңсыз бөлу) басқарып, осының бәріне қатысып келген, сондықтан да мен қала әкімінің шешімімен оны атқарып отырған лауазымынан аластатуды тапсырамын",- деді премьер. "Икімнің орынбасары Қайрат Бөкенов те осы құжаттар бойынша міндетін атқарушы ретінде шешімдер қабылдаған және де мен оны лауазымынан босатуды тапсырамын",- деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, ол Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовке "осы тектес шешімдер қабылдаған облыс әкімінің орынбасары Илихан Тойбаевты қызметінен босатуды" тапсырды. Премьер сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданының әкімі Кенжебек Омарбаев пен Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қалимолда Байболовты, Алматы облысының Қарасай ауданының әкімі Болатбек Құтпановты лауазымынан шеттетуді тапсырды.

Ол сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне "Алматы және Алматы облысындағы заңсыз құрылыс салуға байланысты барлық кемшіліктерді жоюды" тапсырды.

"Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне қатысты қандай да бір жаза жүктеу туралы мәселе Елбасының құзырында",- деп қорытындылады үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны