04.12.2013, 18:56 4226

Премьер-министр Астанадағы арнайы ХҚКО-на барды

Бизнес-процесстердің автоматтандырылуы және деректер қоры мен мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің бірігуі арқасында жүргізуші куәлігін алуға орташа 2 сағат, ал автокөлікті тіркеуге - 1,5 сағат уақыт кетеді.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметов автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді ХҚКО-ның қарамағына беру жөніндегі Елбасының тапсырмасы шеңберінде қыркүйек айында пилотті режимде іске қосылған Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Осы ХҚКО-нда астаналықтар жүргізу құқығына емтиханды тапсырып, жүргізуші куәлігін алады, сонымен бірге автокөлікті тіркеуден және қайта тіркеуден өткізеді.

Бизнес-процесстердің автоматтандырылуы және деректер қоры мен мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің бірігуі арқасында жүргізуші куәлігін алуға орташа 2 сағат, ал автокөлікті тіркеуге - 1,5 сағат уақыт кетеді.

Осы қызметтерді көрсету уақытының қысқартылуына аларманның оларды алудағы қажет рәсімдерді ХҚКО аумағында өтетіні сонымен қатар ықпалын тигізді. Атап айтқанда, арнайы ХҚКО жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды тапсыруға арналған класспен және жүргізуші куәлігін алуға үміткер тәжірибелік емтиханды тапсыратын интеллектуалды автодроммен жабдықталған. Көлік құралын жүргізу икемділігін бақылайтын және бағалайтын электрондық жүйе бұйрық беріп, емтиханды өту барлық кезендерін датчик көмегімен тіркейді. Қорытынды баға автоматы түрде белгіленеді.

Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу кезіндегі агрегаттарды салыстырып тексеруді де Орталық аумағында өтеді. Ол үшін жеңіл және ауыр жүк автокөліктеріне арнайы ангарлар қарастырылған.

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндеттер қатаң бөлінген: ХҚКО-ның қызметкерлері тек қана құжатты қабылдауда, ал жол полициясының қызметкерлері - көлікті тіркеу туралы және жүргізуші куәлігін жасау барысында әрекет жасайды.

Астаналық арнайы ХҚКО-ның жұмыс жасауынан бері 3689 жүргізуші куәлігі беріліп, 17 мыңнан артық автокөлік құралдары тіркеуден өткізілді.

Анықтама үшін:

Арнайы ХҚКО мекен-жайы: "Астана-Көкшетау" трассасы, Тлендиев көшесінен солтүстікке. Арнайы ХҚКО-ның жалпы ауданы 2770 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі күнде осындай арнайы ХҚКО Алматы, Қарағанды және Ақтау қалаларында жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны