03.10.2007, 14:17 2792

Премьер-министр Атыраудағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Премьер-министр Атыраудағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Атырау. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Атыраудағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

К. Мәсімов жұмыс сапары барысында мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарлама аясында салынып жатқан "Алмагүл " ықшамауданына барып қайтты. Ықшамаудан қаланың сол жағында орналасқан, құрылыстың жалпы алаңы - 19,5 гектар.

Бұл аумақта 9 қабатты он алты үй және 16 қабатты сегіз үй, 320 орынға арналған бала бақша, 600 орынға арналған орта білім беру мектебі және 100 орынды перзентхана салынып жатыр. Жалпы Атырауда мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында несиелік негізде 1377 пәтерлі 18 тұрғын үй мен 243 пәтерлі үш коммуналдық үй пайдаға берілген. Несиелік баспана бойынша барлығы 5,6 млрд теңге, коммуналдық тұрғын үй бойынша 1,2 млрд теңге игерілген.

Сонымен қатар, үкімет басшысы жұмыс сапары аясында Атырау әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ К. Мәсімов қаланың азық-түлік дүкендеріне барып, азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде нан өнімдерінің бағасымен танысты.

Сапар аясында премьер-министр Құрманғазы ауданының Котяевка аулында орналасқан "Құрманғазы" кедендік посттың ашылу салтанатына қатысады, деп жоспарланған. "Құрманғазы" бірыңғай бақылау-өткізу пунктінің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын, жалпы жұмсалған қаржы көлемі 495 млн теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны