01.10.2007, 16:12 2885

Премьер-министр Бәсекелестікті қорғау комитетіне нан өндіретін кәсіпорындардың іс-қызметін тексеруді тапсырды

Премьер-министр Бәсекелестікті қорғау комитетіне нан өндіретін кәсіпорындардың іс-қызметін тексеруді тапсырды

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы Бәсекелестікті қорғау комитетіне нан өндіретін кәсіпорындардың іс-қызметін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бәсекелестікті қорғау комитетіне облыс және қала әкімдерімен бірлесе отырып, нанның бағасы өте өсіп кеткен, ымыраласу мен өзінің өкілеттілігін асыра пайдалану бой көрсеткен аймақтарға аса назар аудара отырып, тексеру жүргізуді тапсырамын",- деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, үкімет басшысы қаржы министрлігіне Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, барлық ірі диірмендер мен наубайханалардың салық жеңілдіктері мен преференцияларды пайдалану мәселелері бойынша кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, К. Мәсімов Ауылшаруашылық министрлігіне "бүгін, кешке дейін аймақтардағы астықтың тұрақтандыру қорын пайдалану ережесін әзірлеуді" тапсырды. "Егер бұл үшін үкімет қаулысы қажет болса, онда біз оны ертең бекітеміз, ал оны сіздердің бұйырықпен бекіту қажет болса, онда өз бетінше бекітіңіздер",- деп атап көрсетті үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны