10.08.2006, 14:19 3039

Премьер-министр Даниал Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарда болды

АСТАНА. 10-тамыз.Kazakhstan Today. Премьер-министр Даниал Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарда болды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, түске дейін үкімет басшысы Петропавлда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендерін, сондай-ақ, әлеуметтік сала нысандары мен "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамын, "ЗИКСТО" АҚ мен "Киров атындағы зауыт" АҚ-ын аралады.

Мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібіне арнап жабдықтар өндіруге маманданған "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамында үкімет басшысы зауыттың индустриялық-инновациялық бағдарламасымен танысып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен кәсіпорын жетекшісі Альберт Акеевпен бірлесіп зауыттың Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына атсалысу мүмкіндігін талқылады.

Сонымен бірге үкімет басшысына зауыт қызметкері - Владимир Шубновтың ойлап тапқан өнертапқыштық аспабы - кең көлемде қолданылатын шағын механизациялық құралдарға, автомототранспорттық механизмдер мен компрессорлық машиналарға арналған клинді-поршеньді ішкі жану двигателі таныстырылды. Өнертабыстың басты артықшылығы - отын шығынын біршама азайтатындығында. Оған қазірдің өзінде бірнеше шетелдік фирма қызығушылық танытқан.

Зауытқа сапары барысында үкімет басшысы "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ның президенті Асқар Сембинге зауыттың кейбір жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға тапсырма берді.

Үкімет басшысының Солтүстік Қазақстан облысына сапары одан әрі жалғасуда.

Түстен кейін үкімет басшысы Тайынша ауданында болып, онда "БИОХИМ компаниясы" АҚ салып жатқан кешенде, аудандық орталық ауруханада болып, егіс алқаптарындағы ахуалмен танысады. Ал кешке Петропавлға келетін үкімет басшысы онда 2005-жылы салынған әлеуметтік саланың кейбір нысандарын аралап, қазір жөндеуден өткізіліп жатқан Абылай ханның резиденциясында болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны