10.08.2006, 10:04 2619

Премьер-министр Даниал Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды

АСТАНА. 10-тамыз.Kazakhstan Today. Премьер-министр Даниал Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Д.Ахметов Петропавлда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендерін, сондай-ақ, әлеуметтік сала нысандары мен "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамын аралайды.

Түстен кейін үкімет басшысы Тайынша ауданында болып, онда "БИОХИМ компаниясы" АҚ салып жатқан кешенде, аудандық орталық ауруханада болып, егіс алқаптарындағы ахуалмен танысады. Ал кешке Петропавлға келетін үкімет басшысы онда 2005-жылы салынған әлеуметтік саланың кейбір нысандарын аралап, қазір жөндеуден өткізіліп жатқан Абылай ханның резиденциясында болады.

Сапар барысында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ның президенті Асқар Сембин, "Қазақстан инжиниринг" АҚ-ның президенті Ғалым Оразбақов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев еріп жүреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны