15.01.2013, 12:01 3134

Премьер-Министр ЭКСПО-2017 көрмесінің Тіркеу құжатының жобасын алдағы наурыз айына дейін дайындауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Тіркеу құжатының алдын ала жобасын 2013 жылдың наурыз айына дейін дайындауды тапсырды.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - Премьер-Министр ЭКСПО-2017 көрмесінің Тіркеу құжатының жобасын алдағы наурыз айына дейін дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Тіркеу құжатының алдын ала жобасын 2013 жылдың наурыз айына дейін дайындауды тапсырды.

"Сізге Ұйымдастыру комитетінің жұмысын қамтамасыз ету, штабтар құру және Тіркеу құжатының жобасын жасауға кірісу керек. Наурыз айында құжаттың алдын ала нұсқасымен танысуымыз қажет",- деді С.Ахметов вице-премьер Қ.Келімбетовке.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен Көрмені ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, вице-премьер Қайрат Келімбетов осы комитеттің жетекшісі және үйлестірушісі болып тағайындалғаны белгілі. Экономикалық даму және сауда министрлігі өз кезегінде, Тіркеу құжатының жобасын әзірлеу жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралардың жоспарын дайындап отыр.

"Ағымдағы жылдың мамыр айында Халықаралық көрмелер бюросының Атқарушы комитетінде Тіркеу құжаты жобасының таныстырылымын өткізу, қазан айында - құжатты қорғап, Бюро тарапынан ресми баға алу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді экономикалық даму және сауда министрі Е.Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны