06.02.2007, 10:11 2600

Премьер-министр Елбасына жылдың қорытындылары туралы және 2007-2009 жылдарға арналған үкімет бағдарламасының жобасы туралы баяндады

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Елбасына жылдың қорытындылары туралы, атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы және 2007-2009 жылдарға арналған үкімет бағдарламасының жобасы туралы баяндап берді. Аталған құжат Мемлекет басшысының 10-қаңтардағы парламент палаталарының бірлескен отырысында алға қойған міндеттеріне сәйкес әзірленіп отыр. К.Мәсімов бағдарлама жобасы жаңа құрамдағы үкіметтің үш жыл мерзімге арналған іс-әрекетінің барлық қырларын қамтитынын атап өтті.

- Барлық министрліктерде алқа мәжілістері өтті және президент алға қойған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі басты стратегияны іске асыру мақсатында назар аударылуға тиісті барлық әлсіз тұстар анықталды. Атап айтқанда, бұл экономикалық саясатты жақсарту, әкімшілік реформа жүргізу міндеттері, - деп атап өтті кездесуден кейін К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны