25.12.2012, 18:02 2920

Премьер-министр елді мекендердегі тіршілікті қамтамасыз ету мәселесіне бақылау жасауды күшейтуді тапсырды

"Қырымбек Көшербаевқа әкімдермен бірлесіп, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты болуына айырықша назар аударуды қажет ететін елді мекендердің картасын жасауды тапсырамын", - деді С.Ахметов.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов елді мекендердегі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты болуына айырықша назар аударуды және бақылау жасауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қырымбек Көшербаевқа әкімдермен бірлесіп, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты болуына айырықша назар аударуды қажет ететін елді мекендердің картасын жасауды тапсырамын", - деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы жаңа жылыту маусымына дайындық шеңберіндегі барлық барлық шаралар тиісті құжаттарда көрсетілуі керек екенін атап айтты.

"Біз, қандай өңірде болмасын, тұрғындар санына қатыссыз, тіршілікті қамтамасыз ету мәселесіне қажетті жағдай жасалмағандығын білуіміз қажет - бұл жылу, су, газ, электр энергиясы", - деп баса айтты ол.

Бұдан басқа, ол демалыс күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жылыту маусымының үздіксіз өтуіне және барлық жылу көздерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге назар аударды.

"Орталықтағы және жергілікті жерлердегі барлық тиісті қызметтердің тығыз өзара әрекеттестікте жұмыс істеуін бақылауда ұстайтын боламын. Қажет болған жағдайда дабыл көтеру қызметі шұғыл іске кірісуі қажет. Мереке күндері барлық қызметтер жүйелі түрде, тұрақты әрі жедел жұмыс істеуі қажет", - деп қорытындылады сөзін Премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны