19.02.2013, 16:59 3249

Премьер-Министр гидротехникалық құрылыстар салуды көліктік инфрақұрылым бағдарламасына қосуды тапсырды

"Көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына біз гидротехникалық құрылыстармен байланысты мәселелерді қосқан жоқпыз, олар шет қалды. Соны қарастыру керек", -деді С.Ахметов.

Астана. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов гидротехникалық құрылыстар салуды көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына қосу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына біз гидротехникалық құрылыстармен байланысты мәселелерді қосқан жоқпыз, олар шет қалды. Соны қарастыру керек", -деді С.Ахметов.

Сонымен қатар, ол Елбасының басты өзендерге контрреттегіштерді енгізу және гидротехникалық құрылыстарды жөндеу туралы мәселелерді бірнеше рет қозғағандығын атап өтті.

"Осы салалық бағдарламаны қарастыру керек, ол Су ресурстары комитетінде болуы тиіс. Сәйкес мемлекеттік органдардың жетекшілерін жинап, әкімдермен кеңесу керек. Гидротехникалық құрылыстарға аз көңіл бөлінді. Салалық бағдарламаны қарастырып, мазмұнын түсіну қажет", - деп қортындылады С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны