25.04.2007, 17:56 3065

Премьер-министр Қазақстандағы алғашқы электролизинг зауыты құрлысының қарқынына риза

ПАВЛОДАР. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысында салынып жатқан еліміздегі алғашқы электролизинг зауыты құрлысының қарқынына риза, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздер үлкен істер атқарып жатырсыздар, мен зауыт құрылысының салыну қарқынына ризамын",- деді К. Мәсімов салынып жатқан кәсіпорынның басшысына қарап айтқан сөзінде.

Зауыт Павлодардан 18 шақырым қашықта 220 га аумақта салынып жатыр. Қазіргі уақытта бетон еріту торабы, әкімшілік-тұрмыстық корпусы, қоймалар, электрлік қосымша станциясы және басқа да нысандар пайдаға берілген.

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті Алмаз Ибрагимов, бүгінгі күнде дайын өнімді тиеу станциясының құрылысы аяқталып қалғандығын хабарлады. Ол, зауыт құрылысы озық қарқынмен жүріп жатқандығын, бастапқы кешеннің 2007 жылдың 17-желтоқсанында пайдаға берілетіндігін, атап өтті.

Сонымен қатар, зауыт басшысы бүгінгі күнде білікті мамандарды іріктеуде қиындықтар туатындығына тоқтала кетті. А. Ибрагимовтың айтуынша, кәсіпорын № 7 кәсіби-техникалық лицейде өз күшімен мамандар оқытып жатыр. Осыған байланысты премьер-министр кәсіпорын басшысына аталмыш мәселені жергілікті билікпен бірлесе отырып шешуге кеңес берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны