25.01.2013, 10:53 3022

Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелеріне арналған Үкімет отырысын өткізді

Премьер-Министр Серік Ахметов бүгін Үкімет үйінде министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, 2013 жылдың 23 қаңтарында Елбасының қатысуымен өткен кеңесте жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелеріне арналған Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министр Серік Ахметов бүгін Үкімет үйінде министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, 2013 жылдың 23 қаңтарында Елбасының қатысуымен өткен кеңесте жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Кеңесті ашқан сөзінде С.Ахметов, үкіметтің және әкімдердің алдарына қойылған міндеттер сапалы орындалу үшін, алдымен тапсырмаларды нақтылау және олардың атқарылуы үшін жауаптыларды анықтау керектігін баса атап көрсетті. ҚР Премьер-Министрі өз орынбасарларына Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жұмыстарын нақты үйлестіруді және олардың орындалуын қатаң бақылауды, оған қоса дербес тапсырмаларға ерекше назар аударуды міндеттеді.

Атап айтқанда, инфрақұрылым саласындағы міндеттер бойынша С.Ахметов Астана-Алматы жүрдек теміржолының және Астана-Алматы, Астана-Ақтау, Астана-Өскемен автокөлік жолдарының құрылыстары бойынша ұсыныстар енгізу; Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол тармақтарының құрылыстарын жалғастыру туралы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Ақтау айлағын кеңейту жобасының 2- және 3-ші кезеңдерін іске асыру жеделдетілетін және Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбыры құрылысының басталуы қамтамасыз етілетін болады.

"Экономика, қаржы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет министрліктері, облыстардың, Астана мен Алматының әкімдері күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржыны қайта бөліп, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылыстарын бастауға мораторий енгізу туралы Президент тапсырмасын орындауды қамтамасыз етулері тиіс", - дедіС.Ахметов.

Үкімет басшысы сондай-ақ, атом-электр стансасының құрылыс орны мен конфигурациясы туралы шешімдердің жобаларын жасау, Біртұтас зейнетақы қорын құру туралы ұсыныстарды енгізу, Дағдарысқа қарсы жаңа жол картасын әзірлеу туралы тапсырма берді.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тұжырымдамасының жобасын жасап, оны Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуі керек. "Самұрық-Қазына" компаниясына, Астана әкімдігіне елордада "жасыл орам" жобасын салудың ілкі жобасы бойынша ұсыныстар енгізу міндеттеледі. Ал "Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясы мен Астана әкімдігі көрме кешенінің мастер-жобасын және сәулет дизайнын әзірлеу бойынша халықаралық көрменің өткізілуін қамтамасыз етулері керек", - деді С.Ахметов.

Оған қоса, Астана әкімдігіне елорданың ребрендинг бағдарламасымен айналысу жүктелсе, Индустрия министрлігі мен "Самұрық-Қазына" компаниясына балама энергия көздерінің есебінен ЭКСПО-2017 көрмесін электр қуатымен қамтамасыз ету ұсыныстарын дайындау міндеті жүктелді.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы түрде және толық көлемде орындау - біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Кеше біраз әділ сын айтылды, біз олардан сәйкес қорытынды жасауымыз және жұмыстағы кемшіліктерді жоюымыз керек. Қайта құрылып жатқан мемлекеттік органдардың басшыларына айтарым: ұйымдастыру жұмыстарын қысқа мерзімнің ішінде аяқтап, Президенттің тапсырмаларын орындауға дерек кірісіңіздер", - деп түйіндеді өз сөзін С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны