28.01.2013, 16:48 2800

Премьер-министр МГМ 2013 жылы газдандырудың бас схемасын әзірлеуді тапсырды

"Мен сіздердің министрлікке үстіміздегі жылы газдандырудың бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны әзірлеу барысында ауылдық аумақтарды газбен қамтамасыз ету мәселесіне айырықша назар аудару қажет. Бұл өте маңызды", - деді С.Ахметов, МГМ басшысы Сауат Мыңбаевқа қарата.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов ведомствоға 2013 жылы газдандырудың бас схемасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен сіздердің министрлікке үстіміздегі жылы газдандырудың бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны әзірлеу барысында ауылдық аумақтарды газбен қамтамасыз ету мәселесіне айырықша назар аудару қажет. Бұл өте маңызды", - деді С.Ахметов, МГМ басшысы Сауат Мыңбаевқа қарата.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Бейнеу-Бозай-Шымкент газ құбырының бірінші телімін іске қосу туралы тапсырма берді.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай, биылғы жылы Бейнеу-Бозай-Шымкент газ құбырының бірінші учаскесін іске қосу керек және Бейнеу-Бозай екінші учаскесі бойынша оның құрылысына 2014 жылы емес, 2013 жылы кірісу үшін барлық дайындық жұмыстарын аяқтау қажет", - деп атап айтты С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны