09.07.2010, 13:14 3364

Премьер-министр мұнай және газ министріне Солтүстік Қазақстан облысына газ құбырын тарту мәселесін қарастыруды тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында К. Мәсімов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, олармен өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады.

Алматы. 9-шілде. Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа Солтүстік Қазақстан облысына газ құбырын тарту мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында К. Мәсімов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, олармен өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады.

Кездесу барысында шаруалар облысқа газ құбырын тарту мүмкіндігін қарастыру жөніндегі өтініштерін жеткізді.

"Мен мұнай және газ министріне бұл мәселені зерттеуді тапсырамын", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны