08.10.2008, 19:19 2895

Премьер-министр "Русал" компаниясының Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарын және инвестициялық бастамасын мақұлдады

Премьер-министр "Русал" компаниясының Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарын және инвестициялық бастамасын мақұлдады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Русал" бірлескен компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы Александр Булыгинмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар әлемдік қаржы рыногындағы жағдайдың одан әрі дамуы мен оның Екібастұз бассейніндегі "Богатырь" және "Северный" көмір разрездерін басқару жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың жұмысына әсері жайын талқылады.

А. Булыгин "компания экономиканың нақты секторында жұмыс істейді және дағдарыс бірінші кезекте банк жүйесіне ықпал етуде, оның біздің компания жұмысына қатысы жоқ" деп атап өтті.

Компания басшысы әріптестермен бірқатар толық жобалармен жұмыс істейтініне, атап айтқанда, желтоқсанның басында көмір өңдеу көлемін арттырудың 5 жылдық бағдарламасы ұсынылатынына тоқталды.

"Бұл көлем жаңа тұтынушылар мен қазіргі қолданыстағылар тәрізді Қазақстан мен Ресейдегі тұтынушылар талаптарына сай болады", деді А. Булыгин.

Сонымен қатар, компания басшысы энергетиканы инвестициялау, Қазақстанда электр энергиясы өндірісі жөніндегі қуатты арттыру, сондай-ақ өндірілетін электр энергиясы базасында өнімдер өндірісі туралы жоспарларын мәлімдеді.

"Біз осындағы, Қазақстандағы өз инвестициямызға, біздің "Самұрық" компаниясымен ынтымақтастығымызға зор сеніммен қараймыз",- деді А. Булыгин.

Премьер-министр компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарын және инвестициялық бастамасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны