09.04.2013, 14:52 3028

Премьер-Министр С.Ахметов мемлекеттік органдарға пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері мәселесін шешуді тапсырды

"Бұл мәселеде Өңірлік даму министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігі түгендеудің бірінші кезеңінен соң түгендеу үдерісінде анықталған мәселелерді шешу бойынша салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыруды бастаулары тиіс", - деді С.Ахметов.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері мәселесін тиімді шешуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл мәселеде Өңірлік даму министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігі түгендеудің бірінші кезеңінен соң түгендеу үдерісінде анықталған мәселелерді шешу бойынша салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыруды бастаулары тиіс", - деді

С.Ахметов.

Бұдан өзге, Үкімет басшысы түгендеудің екінші кезеңінде ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлердің жағдайы мен керек-жарақтары мәселелерімен айналысуды тапсырды.

"Екінші кезең бойынша шаралар қолданып, оны тиімдірек өткізіңдер, барлық қайшылықтарды жұмыс барысында анықтау қажет. Өңірлік даму министрлігіне түгендеу бойынша жұмыстарды жалғастыруды, облыс әкімдеріне пайдаланылмайтын жердің әр гектарын айналымға тарту және жайылымдық жерлерді ұйымдастыру бойынша шаралар қолдануды тапсырамын", - деп атап өтті. С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны